Түркістан облысында 20 отбасы баспаналы болды

893

Түркістан облысында 20 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, 20 отбасыға пәтер кілті тапсырылды. Сонымен қатар, аудан орталығы Шаян ауылында 55 гектар жер телімінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының лентасы қиылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, Бәйдібек ауданында жеке құрылысшы мердігерлердің есебінен 2 қабатты 10 пәтерлі 3 қызметтік тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, арнайы сараптамадан өтіп жатыр. Биыл Шаян, Мыңбұлақ, Боралдай елдімекендерінде осы үйлердің құрылысы басталады. Сонымен қатар, аудан орталығынан салынатын 2 қабатты 16 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 

Ал, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында азаматтарды жеке тұрғын үйге қажетті жер телімдерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылысы жүргізілген 55 гектар жер телімінің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымында 326 учаске белгіленген. Енді Шаян ауылдық округіндегі кезекте тұрған 1020 тұрғынның 326-ы осы жер телімімен қамтамасыз етілетін болды. Сонымен қатар, сол учаскеде бас жоспарға сәйкес, мектеп пен балабақша бой көтереді. Аталған жер учаскесінде аяқ жол және автокөлік жолдары, суағарлар салынған, ауыз су құбыры тартылып, электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта осы аумақта шаңа шағынаудан пайда болғалы тұр.  

Алдағы уақытта аудан орталығында бас жоспарға сәйкес тағы да 100 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы жүргізіліп, кезекте тұрған азаматтарға берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу