Түркістан облысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде болған шетелдік ұсталды

474

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады. 

Түркістан облысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде болған шетелдік ұсталды

Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер адамға 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

– Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда, – Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу