14 желтоқсан күні сағат 03:57-де Отырар ауданы, Темір ауылында мақта пунктінің ашық аумағында ауданы 360 шаршы метр аумақта 260 тонна мақта жанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қоймада жалпы 4500 тонна мақта сақталған. Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жануына жол бермеді. Өрт сағат 06:54–те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр", – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен – 30 жеке құрам, 7 техника, ауыл құтқарушыларынан – 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығынан – 3 адам, 1 техника және жергілікті атқарушы органнан –15 адам, 4 су тасушы техника жұмылдырылды.