Түркістан облысында 3 жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды

828

Бүлдіршінді судан аман алып шыққан батыр баланы облыс әкімі Дархан Сатыбалды қабылдап, бағалы сыйлық тарту етті деп жазады inbusiness.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Түркістан облысында 3 жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Кішкентай баланы судан құтқарып алғаныңды ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіден көріп, сүйсіндік. Аттың үстінде үлкен жігіт сияқты көріндің. Оқушы екенсің. Осы ерлігің үшін саған және өзіңдей патриот ұлды тәрбиелеген ата-анаңа алғысымды айтамын. Жарайсың! – деген Дархан Сатыбалды Нұркелді Нұрполатқа Алғыс хат пен бағалы сыйлығын тапсырды.

Айта кетейік, Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нұркелді Нұрполат 4 наурыз күні сағат 11:30 шамасында каналда ағып бара жатқан кішкентай баланы байқаған. Жасөспірім ойланбастан өз басын қатерге тігіп, баланы судан алып шығады. Тіпті ес-түссіз қалған сәбидің аяқ-қолын қимылдатып, жасанды дем беріп, алғашқы көмек көрсеткен. 

Құтқарылған бүлдіршін үш жарым жаста, қазір дін аман. Ал ерлігімен елді тәнті еткен Нұркелді Нұрполат мектепте үлгілі тәртібімен, үздік оқуымен ерекшеленеді. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Футбол үйірмесіне қатысып, түрлі деңгейдегі жарыстарда көзге түсіп жүр. Отбасындағы үш ұл, үш қыздың ішіндегі екінші перзенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу