"Ішімдіксіз ауыл" бастамасы Түркістан облысындағы 30-ға жуық елді мекенді қамтып, тату және қауіпсіз қоғамдастық құруға атсалысуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл жобаға Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан бес ауылдан, Келесте – төрт, Сайрамда – үш, Қазығұрт, Төлеби және Сауранда – екіден, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында бір ауылдан қосылып, ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.
Мысалы, Сауран ауданындағы Нұртас ауылында 1835 адам тұрады. Ауылда бір мектеп, екі балабақша болса, жергілікті тұрғындарға үш дүкен қызмет көрсетеді.
Полицейлер ішімдік сатылмайтын ауылдардың саны өседі деп үміттенеді. Тәртіп сақшылары қылмыссыз қоғам құру жұмыстарын жалғастыруда.