Түркістан облысында 300 бастан астам қой күмәнді дәріден қырылып қалды

570

Ең бірінші қойларда диарея басталған. 

Түркістан облысында 300 бастан астам қой күмәнді дәріден қырылып қалды Фото: otyrar.kz

Фермердің ветеринарлық дәріхана сатушысының кеңесімен сатып алынған дәріден кейін қойлар жаппай қырылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Фармацевт фермерге ұнтақтың арзанға түсетінін, дәрілік препаратты 10 литр суға ерітіп, 5-10 грамнан беру керектігін айтқан.

Шаруа Самат Қадыров бәрін сол айтқандай істеп, кешкі оннан кейін сұмдық жағдай басталып, 320 бас қой қырылып қалғанын айтып отыр.

Шаруа келген шығынды миллион теңгеге бағалап отыр. Оқиға болғаннан кейін, полицияға да, мал дәрігеріне де хабарласқан. Алайда әзірге ешкім көмекке келмеген.

Ветеринариялық дәріхана оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. Ал мал өлексесін зертханада тексерген мамандар шаруа алдымен мал дәрігеріне хабарласып, содан кейін ғана дәрі сатып алуы керек екендігін айтып отыр.

Түркістан облысы ветеринария қызметі басшысының орынбасары Әлмет Оразбеков: "Фермер бұл дәрі-дәрмекті тәуелсіз зертханаға зерттеуге өз қаражатына жібере алады. Біз өз тарапымыздан сараптамаға жібердік. Нәтиже 9 күннен кейін болады", – деп жауап берді.

Шаруа енді өз құқығын сотта қорғамақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу