Түркістан облысында 350-ге жуық трамадол дәрісі тәркіленді

628

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан облысында 350-ге жуық трамадол дәрісі тәркіленді Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу жөнінде жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде трамадолды заңсыз сақтауға және өткізуге қарсы іс-қимыл бойынша рейд өткізіп жатыр.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, трассалардың бірінде ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер автокөлікті, ондағы жолаушыны тексеру кезінде 200-ден астам трамадол таблеткасын тауып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі тәулік ішінде Сарыағаш және Келес аудандарында трамадол препаратын заңсыз сақтау мен сатудың 7 дерегі анықталды. Полицейлер заңсыз айналымнан 350-ге жуық психотроптық таблетка тәркіледі. 

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) мен ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу