Түркістан облысында 38 жастағы келіншек 5 ұлдан кейін үшем босанды

652

Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы үйге шығарылды.

Түркістан облысында 38 жастағы келіншек 5 ұлдан кейін үшем босанды Фото: Сауран аудандық емханасы

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді.

38 жастағы Махру Каримова 5 ұлынан кейін үшем босанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі – 2100 гр, үшіншісі 2000 гр салмаққа жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Сафия, Амир және Хадия деген есім қойды", – деп сүйіншіледі Сауран аудандық емханасы.

Дәрігерлер нәрестелерді тексеріп, емдеп, күтім жасады. Қазір ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Олар емхананың медициналық қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу