Түркістан облысында 4,5 мыңнан астам түлек жастар практикасына қатысты

657

Түркістан облысында 4,5 мыңнан астам түлек жастар практикасына қатысты

Түркістан облысында биыл 6,5 мың адамды жастар практикасына жолдау жоспарланған. 1 тамызға дейін 1360 кәсіпорынға 4571 азамат (70,3%) тәжірибеден өтуге жіберіліп, оның 800-і бүгінде практикасын аяқтаған, ал 117-сі тұрақты жұмысқа орналасыпты, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ал өткен жылы 6783 адам 1858 кәсіпорынға қабылданған. Оның 6637-сі мерзімін сәтті аяқтаса, 2274-і бағдарламаның көмегімен тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жастар практикасы жобасы түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауы үшін арнайы қолға алынған. Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде жіберіледі.

ЖОО түлектері тәжірибеден 6 ай бойы өтеді, ай сайын еңбекақысы төленеді.

Жастар практикасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркелу керек.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу