Түркістан облысында 4 жасар бала суға батып кетті

197

Баланың денесін жергілікті тұрғындар Ашынау каналынан тауып алған. 

Түркістан облысында 4 жасар бала суға батып кетті Фото: freepik

Түркістан облысында суға батып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы Ынтымақ ауылында 2020 жылы туған ұл бала көз жұмған. Баланың денесін жергілікті тұрғындар Ашынау каналынан тауып алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, үлкендердің қарауынсыз қалған бала суға құлап кеткен. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу