Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті

672

Жоғалған қызды іздеуге қазір полицейлер жұмылдырылды.  

Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті Фото: Google

Түркістан облысында 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz cілтеме жасап хабарлайды.

"17 наурыз күні үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен. Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу