Бүгінде оның 4 жыл бойы қайда жүргенін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
– 2021 жылдың жаз айында жергілікті тұрғын полицияға 16 жастағы қызының жоғалғанын айтып, арызданған. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары барлық қажетті тергеу әрекетін жасағанымен, нәтиже болмады. Дегенмен, бірнеше жыл өтсе де тұрғынның арызы негізінде іздеу ісі жалғасып отырды. Полицейлер аталған жайт бойынша мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады, – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Ал, хабар-ошарсыз кеткен қызымен 4 жылдан соң қайта қауышқан анасы тәртіп сақшыларына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
– Қызымнан хабарсыз қалып, нендей жағдайда екенін біле алмай жүрген күндер артта қалды. Көп рахмет сіздерге. Арасында өздеріңізге де сенімсіздік білдірген едім, бүгін міне үмітім ақталып отыр, – деді ол.