Түркістан облысында 40 жолаушы қар құсауынан құтқарылды

1034

Ащысай асуында 8 автокөлік қарға батып қалған. 

Түркістан облысында 40 жолаушы қар құсауынан құтқарылды

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар Ащысай асуында 8 автокөлік қарға батып қалған. Көліктер мен 40 жолаушы қар құсауынан құтқарылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ал Түлкібас ауданындағы Шақпақ ауылы арқылы өтетін Алматы-Термез тасжолында көктайғақтан ауыр жүк көліктері жолдан шығып кетіп, салдарынан көлік тығыны орын алған. Тасжолдағы көлік ағынын реттеуге 3 сағат уақыт кетті.

Қарашаның орта шеніне дейін жайма шуақ болып тұратын ауа райы күнгейде биыл қытымыр мінез танытып тұр. Қыстың қамына қарашада ғана қамдана бастайтын күнгейліктерге бұл жағдай тосын құбылыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу