Түркістан облысында 5 адам газдан уланып, 1 жасөспірім қайтыс болды

639

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан 6 адам улы газдан уланып, оның біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркістан облысында 5 адам газдан уланып, 1 жасөспірім қайтыс болды Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Сайрам ауданы, Манкент ауылында 3 адамның улы газдан уланғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үй ішінде өрт болмағанын анықтады. Үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану қағидаларын бұзғандықтан, пештің мұржасы тазартылмағандықтан, 1995, 1974 және 2004 жылы туған үш адамға ыс тиген. Барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Қазір екі азамат ауруханаға жатқызылды, жағдайлары ауыр. Ал 2004 жылғы туған жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды.

Сонымен қатар, осы күні Ақтөбе қаласындағы жеке үйдің газ плитасынан газ шығып, 2011 және 2013 жылы туған балалардың табиғи улы газдан уланып қалғандары жөнінде ақпарат келіп түскен. Аталған балалар Көпсалалы обылыстық аурухананың соматия бөліміне жатқызылды.

Газдан уланудың тағы бір жағдайы Атырау облысында тіркелді. 12 қаңтарда Құрманғазы ауданының Жыланды ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газбен жылыту пешінің ақауы салдарынан, тартудың болмауына байланысты 2011 жылы туған жасөспірімге ыс тиіп, аудандық ауруханаға жатқызылды.

Бұған қоса ТЖМ газдан уланудың себептерін атады.

Оларға:

  • пешті жылытуды пайдалану қағидаларын бұзу (пеш жапқышын уақтылы жаппау, отынға таза ауаның жеткіліксіз қолжетімділігі, нашар тарту);
  • пеш пен мұржаның дұрыс жұмыс істемеуі (пеш құрылымындағы жарықтар, бітелген мұржа);
  • адамның өрт ошағында болуы;
  • оттегінің жетіспеушілігі жағдайларында тұрмыстық газдың жануы және желдетудің нашар болуы жатады.

ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу