Түркістан облысында 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

494

Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Түркістан облысында 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды Фото: unn.ua

Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы мектепте қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дене шынықтыру сабағында 5-сынып оқушысы Арнұр Көшербай стадион қоршауына шығып, аяғы тайып құлаған.

Мектеп өкілдерінің айтуынша, сырт көзге ауыр жарақат байқалмаған. Алайда ауруханада ота жасаса да, баланың беті бері қарамаған. Өкінішке қарай, Арнұрдың жүрегі тоқтап қалды.

Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Прокуратураның ұсынысымен мұғалім тергеу аяқталғанға дейін уақытша қызметінен шеттетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу