Түркістан облысында 5 жасар бала пойыз астына түсе жаздады

264

Жолаушылар пойызының машинисі 5 жасар баланы басудың алдын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түркістан облысында 5 жасар бала пойыз астына түсе жаздады Фото: ҚТЖ

2026 жылғы 20 маусымда сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында №7/8 Алматы-2 – Саратов қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі темір жолда қалған 5 жасар баланы басуға жол бермеді. 

"Локомотив бригадасы 70 км/сағ болатын пойыз жылдамдығында шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Пойыздың кешігуі 4 минутты құрады. Темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді, – делінген хабарламада. 

ҚТЖ ата-аналарды балаларды темір жолдар жанында қараусыз қалдырмауға және оларға темір жол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу