Түркістан облысында 5 жасар бала суару каналына батып кетті

892

Оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында 5 жасар бала суару каналына батып кетті Фото: Түркістан облысы ТЖД

5 жасар бүлдіршін 16 наурыз күні түскі уақытта үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Куәгерлер суару каналынан аяқ киімін көргенін айтты.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылды.

"Іздеу тобы жоғалған қыздың денесін үйден 2 шақырым жердегі каналдан тауып, судан шығарып алды", – делінген Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу