Түркістан облысында 5 жасар қызды қаңғыбас ит талап тастаған

765

Зардап шеккен бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Түркістан облысында 5 жасар қызды қаңғыбас ит талап тастаған Фото: freepik

Түркістан облысының Ескі Иқан ауылында бес жасар қызға ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оtyrar.kz арнасының хабарлауынша, оқиға күндіз болған. Анасының айтуынша, қызы ауылдағы басқа балалармен ойнап жүрген кезде қаңғыбас ит тап берген. Зардап шеккен бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлердің мәліметінше, ит қыздың бет тұсынан қатты тістеген. Балаға ота жасалғанымен, бетінде тыртық қалуы мүмкін. Сонымен қатар, құлаған кезде басынан да жарақат алған.

Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты, қажетті ем қабылдап жатыр.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ауылда қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер көп.

Сауран аудандық әкімдігі шабуыл жасаған итті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бір ит ұсталып, зертханаға жіберілген. Ал Ескі Иқан ауылындағы оқиға бойынша полиция жануардың иесін анықтауға кіріскен.

Ауданда биыл қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарына 6,5 миллион теңге бөлінген. Жыл басынан бері 50-ге жуық ит ұсталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу