Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған

877

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді.  

Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған

Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты

 Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, 2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.

1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Қазіргі таңдааталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай ауданында – 13, Кентау қаласында – 2, Арыс қаласы – 2, Ордабасы -1, Сарыағаш – 1, Мақтаарал – 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу