Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

355

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздардың тамыз кеңесінде мәлімдеді.

Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген Фото: time.kz

Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Хабар арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұғалімдер санатын көтеруге арналған сертификатты сатып алды деген күдікке ілінген. Істі құзырлы органдар тексеріп жатыр. 

Іске қатысты бірқатар лауазымды тұлға мен жауапты қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздардың тамыз кеңесінде мәлімдеді. 

Қазір білім саласындағы бухгалтерлік сүйемелдеу жұмысын жүргізетін цифрлық платформа ауыстырылып жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында 1 353 артық штат анықталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу