Облыстық прокуратура мамандарының айтуынша, ғарыштан жүргізілген мониторинг пен құзырлы органдардың қолындағы ақпараттың арасында, айырмашылық бар. Мәселен, ғарыштық есептеулер 4500 жер пайдаланушының 560 мың гектар жерді дұрыс игермегенін көрсеткен.
Ал, ақпаратты қайта нақтылау кезінде 1300 адамның 97 мың гектар жерді пайдаланбағаны анықталды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін облыстық прокуратура мен әкімдік бірігіп, "Қолжетімді жайылым" жобасын, іске асырып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу