Түркістан облысында 6 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

190

Ота сәтті өтіп, емделуші бір күннен кейін палатаға ауыстырылды.

Түркістан облысында 6 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты Фото: Түркістан облысы ДСБ

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қыз баланың асқазанына күрделі ота жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.            

    

Науқас облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Пациентке ЭФГДС процедурасын жасаған дәрігерлер қыздың асқазанында бөгде зат бар екендігін анықтап, күрделі ота жасады.

Ота кезінде дәрігерлер бүлдіршіннің асқазанынан салмағы бір келіге жуық ұйысып қалған шаш алып шықты.

Бір аптаға жуық ауруханада ем алған қыз баланың қазіргі жағдайы жақсы. 

Анасының айтуынша, баланың ауырғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағының ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының төмендеуіне шағымданған. 

– Отаның ұзақтығы бір сағатқа созылды. Ота өте сәтті өтті. Жалпы мұндай жағдайлар баланың қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі заттарды аузына салып, салдарынан ішке зиянды заттар жиналады. Бұл жағдай баланың өмірі үшін қауіпті болғандықтан, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауларын ескертеміз. Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургиялық көмектер тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетіледі, – деді, облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу