Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

67

Салынып жатқан мектептердің сапасы қандай?

Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп ашылды Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Тәуелсіздік күніне орай Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округіндегі "Айнабұлақ" негізгі орта мектебі ел игілігіне берілді. 600 орынға шақталған білім ұясы облыстық бюджет есебінен салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Білім ордасының оқу ғимараты 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгіде салынып, материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Мектепте асхана, оқу және зертхана бөлмелері, спорт залы соңғы үлгіде жасалған. Ұлдар мен қыздарға арналған шеберханасы мен арнайы дәрігерлік кабинет қарастырылған. Информатика мен робототехника сыныптары да бар. 

Білім ордасының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды қос мерекемен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгін қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті білім саласына қолдау көрсету, ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Өңірде осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Бұл мектепте білім алуға барлық жағдай жасалған. Мұның бәрі өсіп келе жатқан ұрпақтың игілігі үшін істеліп жатыр, – деп атап өтті облыс әкімі Дархан Сатыбалды. 

Айта кетейік, Түркістан облысында биыл 50 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 29-ы "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынып жатыр. "Жайлы мектеп" жобасы арқылы 2 мектеп тапсырылып үлгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу