Түркістан облысында 7 айда 1,8 мыңнан аса адам оралман мәртебесін алған

1351

Өзбекстанннан – 1699 адам, Түркиядан – 2 адам, Түркіменстаннан – 21 адам, Тәжікстаннан – 3 адам, Ресейден – 8 адам, Қырғызстаннан – 4 адам, ҚХР-дан – 30 адам, басқа да шет елдерден – 52 адам келген. 

Түркістан облысында 7 айда 1,8 мыңнан аса адам оралман мәртебесін алған Фото: otyrar.kz

Түркістан облысына білім алуға ағылған шетелдік студенттер де, еңбек етуге келетін мигранттар да жетерлік. Оған қоса, атажұртын аңсап, тарихи отанына оралған қандастардың да қатары көп, деп жазады otyrar.kz "Оңтүстік Рабат" газетіне сілтемемен.

2018 жылдың 1 тамызына дейін Түркістан облысына 1081 отбасы келіп, 1819 адам оралман мәртебесін алыпты. Оның 286-сы ер азамат (47,4 %), 957-сі әйел (52,7%). Басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келген. Өзбекстанннан – 1699 адам, Түркиядан – 2 адам, Түркіменстаннан – 21 адам, Тәжікстаннан – 3 адам, Ресейден – 8 адам, Қырғызстаннан – 4 адам, ҚХР-дан – 30 адам, басқа да шет елдерден – 52 адам келген. Жас шамасы бойынша, зейнеткерлер – 191(10,5%), еңбекке жарамды – 1135(62,3%) адам болған. Оның ішінде 97-сі (5,3%) жоғары білімді, 387-сінің (47%) орта арнаулы білімі болса, 649-ы (35,6%) мектеп бітірген.

Қоныстану тенденциясына қарасақ, Сарыағаш ауданына – 697 (23%), Қазығұртқа – 217 (0,7%-ға), Мақтааралға – 197 (0,6 %), Сайрамға – 167 (0,56 %), Ордабасыға – 193 адам (0,6 %), Түлкібасқа – 107 (0,3%) көшіп келген. Қалғаны басқа аудандарда қоныстаныпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу