Түркістан облысында 7 тоннаға жуық мұнай өнімдері тәркіленді

472

Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі бірлесіп жанар-жағармай заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Түркістан облысында 7 тоннаға жуық мұнай өнімдері тәркіленді Фото: Видеодан скриншот

Күдіктіге тиесілі дүкен мен қоймадан 500 литр бензин мен өзге де айғақ зат табылды. Сондай-ақ Сарыағаш ауданындағы қараусыз қалған жанармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату қылмысын ашылды. Тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны сақталған цистернаны тәркілеген. Созақ, Түлкібас және Келес ауданында да жанар-жағармай заңсыз сату фактілері анықталды. Барлық деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу