Аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, облыстың жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер телімдерін қайтару бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітілген.
Былтыр облыс бойынша 60,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған.
Есепті мерзімде 70,9 мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде 2023 жылдың басында жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құраған болатын. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жайылым тапшылығы төмендеп, 2024 жылы 608 мың гектар болды.