Түркістан облысының полицейлері “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жергілікті тұрғындарға салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыруда.
2 тәулікте 1800-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 60,6 пайызы мемлекет пайдасына өндірілді. Ал арнайы мамандардан құрылған 37 мобильді топпен айыппұлдары төленбеген 74 автокөлік, жеке сот орындаушылар қаулысы негізінде айыптұраққа жеткізілді. Соның ішінде 10 автокөлік “Автоураган” жылжымалы кешенімен анықталды. Оған қоса барлық өндірілмеген айыппұлдардың тізімі учаскелік полиция инспекторларына таратылып, 1500-ден астам жүргізушіге ескертпе парақтары берілді.
Полиция департаменті тарапынан барлық мүмкіндіктер, яғни “Кибер-шериф”, “Кардон-про”, “Крис-П”, “Арена” мобильді кешендері пайдаланылып, бақылауға алынды. Мәжбүрлеп өндіру үшін құқық бұзушылардың жұмыс орындарына 100-ге тарта ұйғарым, ал жеке сот орындаушыларға 650-ге жуық қаулы жолданды.