Дала өрті 8 сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
"Өртті сөндіру барысында жайсыз метеожағдай кедергі келтірді. Жылдамдығы 25 м/с-тан асатын қатты жел тұрғандықтан, өрт үлкен аумаққа тез жайылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыс аумағында өрт қауіпті аймақтарда кезекшілік ұйымдастырылды. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда алды", – деп жазды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өз Facebook парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу