Түркістан облысында 8 заңсыз ойынхана әшкереленді

542

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден аса табыс түскен.    

Түркістан облысында 8 заңсыз ойынхана әшкереленді Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегін анықтап, қызметіне тосқауыл қойды.

Атап айтқанда, жедел уәкілдер арнайы операция нәтижесінде сотты болғанына қарамастан қайта қылмыс жасап, заңсыз ойын бизнесін, яғни "электронды казино" ұйымдастырған Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын анықтады.

Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Қазір аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге де адамдардың кінәсі анықталады. Оқиғаның толық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу