Барлығы 846 әкенің әрқайсысы баласына кемі 1 млн теңге алимент қарыз болып шықты. Оларға қатысты 716 іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Балаларға алимент төлету үшін борышкерлердің 846 көлігіне бұғат қою немесе оларды сату арқылы алимент өндіру үшін ешқандай шара қолданылмаған.
"Ал, тағы 120 борышкердің атында 170 млн теңге көлеміндегі мүлік тіркелгенімен, оны өндіру шаралары қабылданбаған. Сондай-ақ 81 борышкердің 200 млн астам теңге алимент берешегі бола тұра, 113 млн теңгеден астам қаржысы букмекерлік кеңселерге кеткені анықталды", – деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу