Түркістан облысында 83 мыңнан астам гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүреді

1425

Бүгінде аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын жүргізетін штаб құрылған.

Түркістан облысында 83 мыңнан астам гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүреді

Биыл Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары жалпы 83 мыңнан  астам гектарға жүргізіледі. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Құттыбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

"Облыстық аумақтық инспекция тарапынан марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге аудандар бойынша химиялық өңдеу жүргізуге 15 топ құрылып, 33 инспектор және 17 автокөлік бөлінді. Сонымен қатар, 83 мыңнан астам гектарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 1189,8 мың гектар алқапта анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.  Оған "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ Түркістан облыстық филиалынан 90 штаттық мамандар мен анықтаушы және 44 қызметтік автокөлік бөлінді. Аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 185 анықтаушылар жұмылдырылып, 47 жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ   28 су тасушы техника және пестицидтерді ерітуге қажетті 73 су көздері дайындалады", – деді Нұржан Кашкенов.

Бүгінгі таңда, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспары жасалып, нақты істер қолға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу