Түркістан облысында 88 ауыл алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатты

211

"Алкогольсіз ауыл" бастамасы аясында құқық бұзушылықтар азайған.  

Түркістан облысында 88 ауыл алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатты Фото: naukatv.ru

Түркістан облысында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан ауылдар саны артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда өңірдегі 88 елді мекенде алкоголь саудасы тоқтатылған.

Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы мұндай ауылдар саны 30 болса, 2025 жылы 60-тан асқан. Тұрғындардың айтуынша, бастама жүзеге асқан ауылдарда бұзақылық, ұрлық және өзге де құқық бұзушылықтар азайған.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл бағытта Мақтаарал ауданы көш бастап тұр. Мұнда 20 ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан. Сонымен қатар, Сайрам ауданында – 12, Келес ауданында – 10, Төлеби ауданында – 9 ауыл осы бастаманы қолдаған.

Сондай-ақ Ордабасы ауданында – 7, Сауран ауданында – 6, Арыс қаласында – 5 ауылда алкоголь сатылмайды. Созақ, Қазығұрт, Сарыағаш және Отырар аудандарында үш ауылдан, Шардара мен Түлкібас аудандарында екі ауылдан, ал Жетісай, Бәйдібек аудандарында және Кентау қаласында бір-бір ауыл алкоголь саудасын тоқтатқан.

Бастама аясындағы жұмыстар өңірде жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу