Түркістан облысында 9 индустриалдық аймақтың 5-еуі қысқарады

835

Өңірдегі 9 индустриалдық аймақтың бірі нашар жұмыс істеп тұрса, бірі мүлдем тоқтап қалған.

Түркістан облысында 9 индустриалдық аймақтың 5-еуі қысқарады

Түркістан облысының экономикасын арттыру бағытында индустриалдық аймақтардың жұмысы жүйеленбек. Әрбір аудан өз ерекшелігі мен мүмкіндігіне қарай дамитын болады, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Талдау жасадық, өңірдегі 9 индустриалдық аймақтың бірі нашар жұмыс істеп тұрса, бірі мүлдем тоқтап қалған. Ол индустриалдық аймақтардың төртеуін қалдырып, дамытуға қаржы жұмсалады", ­–­ дейді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Атап айтсақ, Ордабасы, Шардара аудандары мен Түркістанда аймақтар жұмысын жалғастырады, Кентау қаласындағы аймақ 300 гектарға ұлғайтылып, басымдылық кеншілер қаласындағы индустриалдық аймаққа жасалмақ.

Машина құрастыру, азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясы басым бағыттар болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу