Түркістан облысында 90%-дан астам жерге марокко шегірткесіне қарсы у себілді

223

Түркістан облысы егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. 

Түркістан облысында 90%-дан астам жерге марокко шегірткесіне қарсы у себілді Фото: видео скриншот

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Өңір бірінші болып шегірткенің ең қауіпті түрі – марокко шегірткесіне қарсы белсенді күрес кезеңін бастады.

Барлығы 272 мың гектар жер өңделеді. Оның 252 мың гектары 19 мамырға дейін өңделді, бұл өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің 93%-ы. Қалған 20 мың гектарда таяу күндері өңдеу жұмыстары аяқталады.

Өңірдегі үлкен алқаптарды өңдеу жұмыстарына 360-тан астам адам тартылған. Олардың қатарында Түркістан және басқа да облыстардың аудан-қалаларынан келген инспекторлар, мамандар, болжау орталығының қызметкерлері, сондай-ақ мәселеге бейжай қалмаған жергілікті тұрғындар да бар. Жұмыстар жаяу, көлікте, ұшақтар мен дрондар арқылы жүргізіліп жатыр. Барлығы 162 мың га жерден, 107 мың га ауадан, 1 мың га рюкзак түріндегі бүріккішпен, 1,4 мың га дрондар арқылы өңделуде.

Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы өңдеу механизмдері мен әдістерін зерттеп, зиянкестерге қарсы жұмыстардың барлық циклін жүргізетін мердігерлермен препараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу жұмыстары жөнінде пікір алмасты.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында бүкіл қызмет циклін бір мердігердің көрсетуі пилоттық жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр. Келер жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін орталықтандырылған бірыңғай жүйеде сатып алуға көшу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу