Түркістан облысында 985 адамды кене шаққан

395

Өңірдегі 9 тұрғыннан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды. 

Түркістан облысында 985 адамды кене шаққан Фото: google.com

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша бас санитарлық дәрігер Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері облыстың медициналық ұйымдарына 985 адам кене шағуына байланысты жүгінді. Қазір КҚҚБ болуы мүмкін 48 науқастың 9-ында диагноз расталды. (Сауран ауданында 2 жағдай, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарында және Түркістан қаласында 1 жағдай тіркелді)", - деп хабарлады ведомстводан. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 1 адам емделіп үйіне жіберілді. Жалпы жағдай тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу