Түркістан облысында адам өлтірген күдікті 13 жылдан соң қолға түсті

244

Күдікті 5 мың АҚШ долларын алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Түркістан облысында адам өлтірген күдікті 13 жылдан соң қолға түсті Фото: almaty.tv

Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

2011 жылы валюта айырбастаумен айналысатын Жетісай ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған ер адам жәбірленушіні өлтірген. Содан қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сол кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Тіпті, полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген.

"Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз әрекетін толық мойындады. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу