Түркістан облысында адам өлтірген күдікті оқушы болып шықты

750

Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Түркістан облысында адам өлтірген күдікті оқушы болып шықты Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Күдікті -11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу