Еңбекші ауылындағы Ошақты каналына бір үйдің екі баласы ағып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.
8 жастағы Юсуф-Ахмет пен 13 жастағы Диасты құтқарушылар тәулік бойы іздеп, Келес өзенінің жағасынан тапқан.
Алдын-ала мәлімет бойынша, ата-анасы жұмыста болған. Бауырлар ешкімге ескертпестен суға түспекші болып, ағып кетеді.
Бір баланың денесін сол түні, ал екіншісін келесі күні табылды. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдай департаментінің, құтқару отрядының 73 қызметкері сондай-ақ 11 техника бірлігі жұмылдырылды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу