Түркістан облысында әйелі жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

666

12 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Түркістан облысында әйелі жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды Фото: polisia.kz

Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қайғылы жағдай орын алған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген", - дейді Түркістан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу