Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Сайрам ауданында медициналық бетперде өндіру жобасын "S MEDICAL" ЖШС іске асыруда. Өндіріске қажетті станоктар Қытай елінен сатып алынған. Серіктестік директоры Мәжит Мәуленовтың айтуынша, цех айына 2 млн дана бетперде өндіруге шамасы жетеді.
30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу