Түркістан облысында алаяқтық жасады деген күдікпен полиция полковнигі ұсталды

431

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Сауран аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады сейсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

 Түркістан облысында алаяқтық жасады деген күдікпен полиция полковнигі ұсталды Фото: exk.kz

Полиция полковнигі "алаяқтық фактісі бойынша полиция тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша кінәлілерді жауапқа тартуға және келтірілген шығынды өтеуге көмектескені үшін" 1 миллион теңге алды деген күдікке ілінген. 

Баспасөз қызметі "кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаға қатысты үйқамаққа алу" бұлтартпау шарасы қолданылғанын атап өтті.        

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу