Түркістан облысында алғашқы индустриялық сертификат берілді

1556

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары индустриялық сертификат болған жағдайда ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

Түркістан облысында алғашқы индустриялық сертификат берілді

Түркістан облысындағы алғашқы индустриялық сертификаттың иегері нарықта 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Ақниет" Созақ ауданының мүгедектер қоғамы" ҚБ болды, деп хабарлайды atameken.kz.

"Ақниет" Созақ ауданының мүгедектер қоғамы" ҚБ-мүгедектерді еңбекпен қамтумен айналысады. Кәсіпорын жеңіл өнеркәсіп өндірісіне жатады. Кәсіпорында жұмыскерлердің жалпы санының 60%-ын мүмкіндігі шектеулі жандар құрап отыр.

Кәсіпорын тігін өнімдерін – арнайы қолғаптар, төсек-орын жиынтықтары, жатын матрастар, көрпелер, алжапқыштар, ерлер халаттары, улы емес шаңнан қорғайтын комбинезондар шығарады. Өзінің өндірістік базасы-цехтары, қойма бөлмелері бар және өзін-өзі толық қаржыландыруда. Кәсіпорында шығарылатын барлық өнім сертификатталған.

Еске сала кетсек,биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары индустриялық сертификат болған жағдайда ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

"Созақ ауданының "Ақниет" мүгедектер қоғамы Индустриялық сертификат алу үшін барлық қажетті процедуралардан өткен алғашқы Түркістан компаниясы болды. Енді компания "Атамекен" ҚР ҰКП отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген. Өнімнің барлық ассортиментіне фабрика сәйкестік сертификатына ие. Біз кәсіпорын индустриялық сертификат алу үшін лайықты деп есептейміз.  Бұл өндіріс көлемін арттырып, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті кәсіпкерлер палатасының тауар шығаруын сертификаттау жөніндегі маманы Даулетияр Әліпов.

Жақын арада индустриялық сертификат алуға өтінім Түркістан облысының 10-ға жуық ірі кәсіпорындарына беріледі деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу