Түркістан облысында алимент төлемеген әке қамауға алынды

493

Оның алимент берешегі 2,1 млн теңгеге жеткен.

Түркістан облысында алимент төлемеген әке қамауға алынды Фото: google.com

Otyrar.kz порталының мәліметінше, 7 маусым күні Отырар аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушыдан Отырар аудандық сотының 2021 жылғы 15 қарашадағы сот бұйырғы негізінде борышкер Д.Ж-ы өндіріп алушының пайдасына 1/2 мөлшерде алимент өндіру туралы жеке сот орындаушысымен 2023 жылғы 25 қаңтарда атқару өндірісі қозғалған.

Сот отырысында анықталғандай сот шешімін орындамаған, яғни 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі алимент берешегі, жалпы 2 140 325 теңгені құраған.

Құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, сот шешімін орындауға мүмкіндігі болмағанын, алдағы уақытта толық орындайтынын айтқан.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 4 (төрт) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынған. Қаулы заңды күшіне енбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу