Түркістан облысында алтынды заңсыз өндірген 12 адам жауапқа тартылды

152

Құқық қорғау органдары алтын игеру үшін рұқсат қағаз алмаған 12 адамды анықтаған. 

Түркістан облысында алтынды заңсыз өндірген 12 адам жауапқа тартылды Фото: kursiv.media

Түркістан облысы Созақ ауданында даладағы алтынды өз бетінше игерген бір топ адам анықталып, оларға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар экологиялық заңнаманы бұзып, өндірістік қауіпсіздік талаптарын ескермей, 451 грамм алтын игерді деген күдікке ілініп отыр.

"Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлғаларға қатысты тергеу 5 адамды үйқамаққа алды", – деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу