Түркістан облысында бірнеше күн бұрын аңшылыққа барып, жоғалып кеткен тұрғын іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 24 ақпан күні Бәйдібек аудандық Полиция басқармасына Арыстанды өзенінің бойында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Жоғалған ер адамды іздеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, сүңгуірлер, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары да бар. Дрон аппаратының көмегімен 40 км шақырымдай жерге шолу жасалуда. Аталған жайт бойынша "Адам жоғалу" дерегімен қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек су қоймасындағы суды азайту мақсатында арнайы техникалар жұмылдырылған, қосымша арналар қазылып жатыр.