Түркістан облысында аптап ыстықтан асфальт көтеріліп, жарылып кетті

299

Жолдың көтеріліп кеткен бөлігі алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында аптап ыстықтан асфальт көтеріліп, жарылып кетті Фото: ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" компаниясының Ресей шекарасы (Самара) – Шымкент тас жолының учаскесінде аптан ыстықтың салдарынан бетон плиталар жарылып кеткенін мәлімдеді.

Түркістан облысында 27 маусым күні сағат 19:30 шамасында ауа температурасының нормадан тыс (+45 - +50 градус) болуына байланысты М-32 "РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент" Түркістан қаласы бағытындағы республикалық тас жолының 2 155-ші шақырымында цемент-бетон плиталары көтеріліп, жарылған. 

"Жолдың бұзылған бөлігінде ақауларды жою және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 4 бірлік техника мен 10 адам жұмылдырылған", – деді баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу