Түркістан облысында "Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы" бағытындағы автожолда ақаулар жойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Түркістан облыстық филиал мамандары мониторингтік жұмыстар барысында KZ13-03 "Шымкент - ӨР шекарасы" республикалық автожолының 780 шақырымында цементбетон жамылғысының көтерілгенін анықтады. Жол қызметінің мамандары жол жабынын қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдады және қысқа уақыт ішінде ақауларды жою жұмыстарын жүргізуде", – делінген хабарламада.
Атап өтейік, Түркістан облысында соңғы күндері ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты (+44С) автожолдарда цементбетон жамылғысының көтеріліп кетуі тіркелуде.