Түркістан облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды

557

Сот шешімімен оған 17 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.  

Түркістан облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды Фото: egemen.kz

Пара алған Келес аудандық ауруханасының бас дәрігеріне сот үкімімен жаза тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

5 желтоқсанда Келес аудандық сотының үкімімен Келес аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Бексұлтанова мен бас есепшісі Ж.Ермаханова сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында олардың стоматологиялық қызметтер көрсету жөніндегі шартты бұзбау және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 500 мың теңге пара алғаны анықталды.

Сот үкімімен айыпты деп танылған бас дәрігер мен бас есепшінің әрқайсысына 17 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, лттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу