Түркістан облысында ауыл халқы айнала қазылған ордан зардап шегіп отыр

421

Ауыл іргесіндегі 30 гектар жерді жалға алған кәсіпкер жолды жауып тастаған.

Түркістан облысында ауыл халқы айнала қазылған ордан зардап шегіп отыр Фото: inbusiness.kz

Қазылған ор, жығылған мал, жылаған жұрт. Бұл Түркістан облысы Төлеби ауданы Нысанбек ауылындағы жағдай. Аталған ауыл халқы бүгінде бір кәсіпкердің озбырлығынан зардап шегіп отыр. Өйткені, ауыл іргесіндегі 30 гектар жерді жалға алған кәсіпкер жолды жауып, бірнеше шақырымды терең ор етіп қазып тастаған. Салдарынан Нысанбектегі өзге жұрт өзінің егіс алқабына жете алмай қиналса, жайылымға шыққан төрт түлік терең орға омақасып, қырылып жатқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу