Түркістан облысында ауыл тұрғыны оққа ұшты, деп хабарлайды 24.kz.
Шардара ауданына қарасты Достық ауылында қауын еккен бағбандар жеміске таласып бір-біріне қару кезенген. Егістік басындағы осы оқыс жағдай кезінде тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті.
Кісі өлтіру дерегі бойынша полиция екі күдіктіні тұтқындады. Оның бірінен аңшы мылтығы тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу